«Ақпан айының соңынан бастап Швецияда коронавирустық аурудың 4500 дерлік жағдайы тіркелді, бірақ Стокгольмның коронавируспен күресте жұмсақ тәсілді таңдағаны маған түсініксіз» дейді Карлстад университетінің қоғамдық қауіпті зерттеулер орталығының директоры профессор Финн Нилсон.
Бұл ақпаратты РИА Новости таратты.
Финн Нилсон Швецияда коронавирустың таралуын бақылауға бағытталған әрекеттері Еуропа елдеріне ұқсамайтынын, балабақшалар, мектептер, мейрамханалар мен спортзалдар әлі күнге дейін жұмыс істеп жатқанын айтып өтіпті. Үкіметтің барлық басқа нұсқамалары тек кеңес беру сипатында ғана. Онлайн жүйесіне ауысу, SARS белгілері бар үйде болу және қарт туыстарымен араласпау жағын тұрғындардың өздері шешеді.
«Көршілес елдермен салыстырғанда, швед шаралары шынымен де ерекше. Биліктің көзқарасы бір-бірімізге деген жоғары сенімге негізделгенін түсінеміз. Бұл шешімге құрметпен қараймыз. Біз қазір эпидемияның алғашқы сатысында тұрмыз және әдістің тиімділігі туралы айтуға әлі ерте» деп түсіндірді Нильсон.
Дания мен Норвегия екі апта бұрын шекаралар мен қоғамдық орындардың жабылатындығы туралы жариялағаннан кейін, шведтер осындай әрекеттерді өз биліктерінен күткен. Алғашқы күндері адамдар дүкендердегі ең өажет тауарларды артығымен сатып алуға тырысты, дәретхана қағазы, кір жуатын ұнтақтарға деген сұраныс еселеп өсіп кетті. Бірақ карантин енгізілмегендіктен қалада өмір біртіндеп қалпына келді.
Сарапшы Үкіметтің қазіргі ұстанымы нәтиже бермесе, жақын арада қатаң шаралар қолдануға мәжбүр болатындығын жоққа шығармайды.
«COVID-19 жұқпалы дерт. Ғалымдар ауру жұқтырған адамның 1 тәулік ішінде ондаған, жүздеген адамға залалы тиетінін айтып жатыр. Қазіргі уақытта әдістің тиімділігін бағалау мүмкін емес, бірақ өлім деңгейі (салыстырмалы түрде) Скандинавия елдерімен салыстырғанда өсіп келеді. Бұл фактор мені қатты алаңдата бастады. Мен Швеция үкіметтің шешімі халыққа қарсы бағытталып отыр деп айта алмаймын. Шындығында да, жұмсақ бұл ең гуманды, жұмсақ стратегия. Адамдар жаратылыстың ең саналы субьектісі. Сондықтан оны мәжбүрлеп үйге тығу бір жағынан күлкілі. Үкіметтің шешімі мәселеге осы жағынан қарағанда дұрыс. Себебі жұмысқа шықпай үйде отырғаны үшін ешкім жазаланып жатқан жоқ. Сондықтан Швецияның абыройы және адамдардың өмірінің қауіпсіздігі азаматтарының қолында. Әркім сақтық шараларын сақтауды өзінен бастаса, мәселе шешімін табады» дейді Нильсон.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда пандемиямен жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясы басталғанын хабарлады.
ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде 900 мыңнан астам инфекция оқиғасы тіркелді, 45 мыңнан астам адам қайтыс болды.